Рождество құттықтау
Православие діни қауымдастығының қызметі Қазақстандағы басқа да діни конфессиялар сияқты жоғары рухани құндылықтардың қалыптасуына оң ықпал етіп, біздің қоғамымыз өміріндегі адамгершілік бастауларын нығайтуға үлес қосып келеді.
Қазақстан – бұл бейбітшілік пен келісім, толеранттылық пен түрлі сенім-нанымдағы адамадар арасындағы өзара құрмет салтанат құрып отырған ел. Осыған сәйкес, діни қауымдастықтар ортақ мүдде тұрғысынан достықта өмір сүріп және еңбек ету үстінде.
«Қазақстанның осы үлгі-өнегесі бүгінде бүкіл адамзаттың назарын өзіне аударып отыр. Біздің еліміз бүкіл әлем діндерінің бітімгершілік үнқатысуының орталығына, Әлемдік және дәстүрлі діндер съезін өткізетін орынға айналды», деді Президент өз құттықтауында.
Нұрсұлтан Назарбаев православиелік христиандарды Рождествомен құттықтай келіп, әрбір қазақстандық үйге, әрбір отбасына бақыт пен игіліктер тіледі.