Қазіргі таңда жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылардың оқу жетістігін бағалауды қазіргі тәжірибеге енгізудің негізін критериалды бағалау жүйесі анықтайды. Бұл бағалау рәсімдерінің сапалылығын, олардың халықаралық стандарттарға сәйкестігін және әр білім алушының оқудағы қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Егер әр білім алушыға және оның ата-анасына түсінікті болатындай нақты әрі өлшемді бағалау критерийлері белгіленетін болса, бұған жетуге әбден болады. Қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалауды қолдану барысында әрбір ұстаз ата — анамен тығыз байланысты болуы тиіс. Міне, осы тұрғыда сөз алған мектеп директоры анық құрастырылған бағалау критерийлерінің көмегімен мұғалім де, білім алушы да бағалаудың қай сатысында екенін білетін болады деп тұжырым жасады. Бұдан соң «Олар білім алуда неге талпынады? Бұған жетуге көмектесу үшін не істеу керек?» деген өзекті сұрақтар төңірегінде сөз қозғаған директордың орынбасары критериалды бағалау жүйесінің мақсаты бағалау критерийлерінің негізінде білім алушылардың оқу жетістіктері туралы шынайы ақпаратты ата — аналарға түсіндіріп өтті.Қалыптастырушы бағалау мұғалім мен білім алушылардың арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін, оқу жетістігінің дамуына, өсуіне тікелей
әсер ететін үдеріс болса, жиынтық бағалау тоқсан барысында тоқсан соңында жүргізіледі.
Жиынтық бағалау бойынша балл, баға туралы шешімді мұғалім
бағалау критерийлеріне сәйкес қолданады. Сонымен бірге мұғалімге әр білім
алушының жұмысы бойынша дұрыс шешім қабылдауы үшін дескрипторлар
немесе балл қою кестелері көмектеседі.Міне, осындай мәліметтерге қанық болған ата — аналар басқосуы да өз мәресіне жетіп, жаңа білімге деген көзқарастарын білдіріп жатты.