Ашылу ЕХРО 2017!!!
Астана қаласындағы Халықаралалық мамандырылған«ЭКСПО – 2017» көрмесі
2017 жылдың 10 маусым күні ТМД аумағында алғаш рет өткізілетін "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі өз жұмысын бастайды. Көрме үш айға созылады және өз жұмысын ү.ж. 10 қыркүйекте аяқталады.
Барлық EXPO көрмелері – бұл жаһандық ауқымдағы оқиғалар, олар өз маңыздылығы бойынша дүниежүзілік экономикалық форумдармен, ал туристік тартымдылығы және қатысу ауқымы бойынша - Олимпиада және әлем Футбол Чемпионаттары сияқты әлемдегі ең танымал спорттық жарыстармен салыстыруға болады.
Астана қаласындағы болашақ Көрменің тақырыбы ЖЭК саласындағы әлемдік көшбасшылардың, сондай-ақ өзінің энергетикалық тәуелсіздігін жасыл технологиялармен байланыстыратын елдердің назарын аударады. Әлемде энергияның дәстүрлі қазба көздеріне бағаның төмендеуімен байланысты экономикалық дағдарыс орын алып отыр. Қазіргі таңдаЖЭК (жаңартылатын энергия көздері) пайдаланысына көп көңіл бөлінеді. ЭКСПО-2017 жобасы осы саладағы елдердің жетістіктерін көрсетуге арналған тамаша алаң, сондай-ақ ол одан әрі даму үшін мықты серпін береді.
Көрмеге 115 елдер мен 22 халықаралық ұйымдар (ЮНЕСКО, ЮНИДО, Дүниежүзілік банк және т. б.)қатысатындарын растады. Бастапқы кезде 100 ел күтілген болатын, бірақ аталған жоспарлы көрсеткіштерді асыра орындауға және көрмелердің тарихында қатысушы елдердің саны бойынша ең бір табысты ел атануға жолы түсті.
Өз қатысуын растаған елдердің ішінде – заманауи энергетиканың көшбасшылары болып есептелетін, дамыған мемлекеттер бар. Бірінші кезекте, бұл – Оңтүстік-шығыс Азия елдері – Оңтүстік Корея, Сингапур, Индонезия, Малайзия, Жапония. Сонымен қатар, энергияның тұтынысы бойынша Қытай мен Үндістан сияқты гегемон елдер, қазірдің өзінде ЭКСПО павильондарын дайындауда. Дәстүрлі еуропалық мемлекеттер, Нидерланд, Ұлыбритания, Германия және Франция жасыл технологиялардың алдыңғы қатардағы тобы. Мысалы, 100% жаңартылатын энергия көздері есебінен өмір сүретін бірінші ел Коста-Рика ЭКСПО-ға қатысады .Көрмеге Америка, Азия, ТМД мемлекеттері қызығушылық көрсетті. Іс жүзінде барлық аймақтар қамтылды.
Жалпы көлемі 25 Га құрайтын Көрме аумағында, түйінді және негізгі павильон сфера пішінде орындалған, "Болашақ Энергиясы" Мұражайы ретінде тақырыптық тұжырымдамасы ұсынылған "Нұр Әлем" (жалпы алаңы 41,5 мың шаршы метр, көрме алаңы 20,5 мың ш. м., диаметрі 80 м) атты нысан болады. Сфералық ғимаратың 7 қабаттарында негізгі энергия түрлері: ғарыш, күн, биомасса, жел, су және кинетикалық энергия үлгілері көрсетілетін болады, ал сегізінші қабатта "Астана – болашақтың Қаласы 2050" экспозициясын ұсынады. "Нұр Әлем" негізінде 5000 ш. м.алаңында, Қазақстанның Ұлттық павильоны орналасады, ол негізгі екі аймаққа бөлінеді: Қазақстанмен танысу аймағы; "Жасампаз қуат" аймағы.
Павильонның бірінші бөлігінде түрлі және ауқымды ландшафттарды, бай мәдениетті, тарихты, осы күнгі және болашақ Қазақстанды көрсету жоспарлануда. "Жасампаз қуат" аймағына Көрме тақырыбындағы отандық ғалымдардың үздік жобалары, мемлекет Басшысының энергетика және қоршаған ортаны қорғау бастамалары, табысты іске асырылатын және іске асырылған республика өңірлеріндегі "Жасыл экономика" жобалар кіреді. Бізде "Үздік тәжірибелер аймағы" атты арнайы павильон болады, онда тұрақты энергия көздері саласындағы қазірдің өзінде іске асырылған технологиялар мен жобалар көрсетіледі. Біз "үздік тәжірибелер аймағы" (eBPa) ЭКСПО-2017 павильоны үшін энергия саласындағы үздік әлемдік тәжірибелер ішінде конкурс өткіздік. Мәселен, Нобель сыйлығының лауреаттарынан тұратын халықаралық іріктеу комиссиясы, 133 жобалардың ішінен 22 үздік тәжірибиені іріктеп алды. Конкурсқа қатысуға өтінім 25 елден жолданды.
Мәдени-ойын-сауық іс-шаралардың күнтізбесі әзірленген, ол Көрменің 93 күндік бағдарламасының негізі болады. Күнтізбеге түрлі іс-шаралар кірді – дәстүрлі қазақ орындаушыларының өнер көрсетуінен бастап, ивент-индустрияның соңғы жетістіктерін қолдананатын инновациялық шоуларға дейін.
Біз Көрменің мәдени бағдарламасының, шоу-жобалардың эксклюзивтілігіне ереше көңіл бөлгіміз келеді. Олар әлемде бұрын ешқашан көрсетілген жоқ және ЭКСПО-2017үшін арнайы құрылды. Қазақстандықтар мен Көрме қонақтары үшін Cirque du Soleilөнер көрсетуі ерекше сыйлыққа айналады, оны 16 шілде мен 9 тамыз аралығындакөруге болады. Халықаралық мамандандырылған көрменің негізгі тақырыбы "Болашақ Энергиясы", Қазақстанның бай тарихы мен мәдени мұрасы бірегей тұжырымдаманың негізгі шабыты болды.
Түрлі үлгілері мен түрлері бойынша қырықтан астам қоғамдық тамақтандыру нүктелерін іске асыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, біз ең озық компанияларды ЭКСПО-ға қатысу мақсатында тартудамыз. Қазіргі уақытта Shell, Cisco, NCOC, Samsung және ірі Ресейлік Росатом , Еврохим және GTLсияқты компаниялармен келісім-шарттар жасалды.
Жалпы алғанда, біз екі миллионнан астам келушілер мен шамамен 5 миллион қатысушыларды күтудеміз.