Адал ұрпақ ұйымының басшылығымен өткен іс-шара
Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жоспарға сәйкес, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушыларының арасында: ар-ождан, абырой, қадір-қасиет, жауапкершілік, мейірімділік, адалдық, әділдік сияқты қасиеттерді насихаттайтын көріністер байқауы өтті. Оқушылар ертегілерден көрініс қойып, кейіпкерлерінің бойындағы қасиеттері, әрекеттерін талқыға салып, пікір алмасты.