Ғабит Мүсіреповтың музейіне барып, оқушымыздың сұхбаттасу сәті!
Ғабит Мүсірепов 1968-1985 жылдар аралығында тұрып, жемісті еңбек еткен үйінде, яғни қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданының Жаңажол ауылындағы үйде 1991 жылы әдеби-мемориалдық музей ашылды. Музей экспозициясынан 1932 жылдың 4 шілдесінде жазылған атақты "Бесеудің хатын" көре аласыздар. 1932 жыл (аштық )мен 1937 жыл (Сталиндік репрессия) - Ғ. Мүсірепов үшін ең бір ауыр жылдар еді. "Бесеудің хатын" жазғандар республикаға танымал адамдар болатын: Ғабит Мүсірепов, Мансұр Ғатаулин, Мүташ Дәулетқалиев, Емберген Алтынбеков, Қадір Қуанышев. Жеке кітапханасы. Кітапханасының мол бөлігін жазушы көзі тірісінде туған ауылының мектебіне сыйлапты. Қазақ жазушыларың ғана еңбектері емес, Шекспир, Марк Твен, Оноре де Бальзак, Гете, Ромен Роллан сияқты көптеген шетел классиктерінің де туындысын көре аламыз. Музей экспозициясы Ғ. Мүсіреповтің қоштасу хатымен аяқталады. 1985 жылы 28 желтоқсанда ауыр халде жатқан жазушы жас ұрпаққа арнаған өзінің соңғы сөздерін жаздырды: "... Қойны суық қасиетті қара жер құшағына, міне, мен де кеткелі жатырмын. Үмітпен, күреспен, сеніммен өткізген ұзақ ғұмырымды қорыта қарасам қуанышым да, ренішім де мол екен..." деген екен!