"Отбасы сағаты" аясында өткен отбасылық эстафета
Бала тәрбиесіндегі отбасының алатын орны ерекше екенін түсіндіру; оқушылардың бойында отбасына, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттыру; оқушыларды әдептілікке, сыпайылыққа тәрбиелеу.Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы, ата-ана. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі, ана – отбасының ұйытқысы. Қай халық болса да, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген.