Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы тәрбиесі - өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудін негізі» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы
Жалпыұлттық ата-аналар
жиналысын өткізу туралы
| Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына
|
| «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ
|
| Республикалык ведомстволық бағынысты ұйымдары |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (бұдан әрі - Департамент) жергілікті атқарушы органдар, қоғамдастықтар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен, барлық орта білім беру ұйымдарында бірдей уақытта 2019 жылы 15 мамырда 18.30. сағатта Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы тәрбиесі - өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудін негізі» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтетіні туралы хабарлайды.
Ата-аналар жиналысының мақсаты – отбасылық тәрбие мәселелерін талқылауға ата-аналарды қатыстыру, олардың жауапкершілігін және балаларды тәрбиелеудегі рөлін арттыру.
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының күн тәртібіне:
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру- тәрбие негізі;
- Ата-аналар мен мектептің өзара іс-қимылын күшейтудегі отбасылық құндылықтар;
- 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау;
- оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы;
- білім беру ұйымдарының қамқоршылық кеңестері және ата-аналар комитеттері
- Ата-аналардың орта білім беру ұйымдарының қоғамдық өміріне қатысуы (әкелер клубы, қариялар кеңесі және т.б.).
Аталған іс-шараларды өткізу нысандары ретінде жалпы мектептік ата-аналарының жиналыстары немесе білім деңгейі бойынша ата-аналар жиналысы белгіленген.
Сонымен қатар, ата-аналар жиналысының «Сұрақтар мен жауаптар» бөліміне қатысу үшін жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың өкілдері шақырылады.
Міндетті түрде пайдалану үшін ата-аналар жиналыстарында бейнематериалдар сілтемелері жіберілді:
1) https://www.youtube.com/watch?v=To8mAThDV -0 - Балалардың отбасындағы қауіпсіздігі;
2) https://www.youtube.com/watch?v=roaHktiJSAM - Абай бол! Терезе...;
3) https://www.youtube.com/watch?v=nkLEyEzZlcg - Баланы интернеттен қорғау;
4) https://www.youtube.com/watch?v=He5CJEWH3mU - 2016-2018жылғы Қазақстан Республикасындағы білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру.