«Бауман негізгі орта мектебі» КММ бойынша «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы» сабағы
2019 жылғы 29 қараша күні Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың еңбегінің маңызын ашу; балалардың ой-өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту; еліміздің Тұңғыш Президентіне деген мақтаныш сезімін, патриотизмді тәрбиелеу мақсатында «Заманауи Қазақстан. Елбасының көшбасшылығы» сабағы өткізілді.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің балалық шағы, Тәуелсіз Қазақстанның символы – Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстанның әр азаматының мақтанышы туралы, тәуелсіз еліміздің дамуы мен қалыптасуы бастау алған тарихи оқиғалар айтылды.
Қатысушылар: мектеп оқушылары – 34, мектепке дейінгі білім беру тәрбиеленушілері – 3, ата-аналар – 5, мұғалімдер -6.
Қазақстанның Тәуелсіздік жолындағы жетістіктері, Елбасы жолы, Елбасының балалық шағы, 1 желтоқсанда аталып өтетін мереке туралы презентациямен жалпы ақпарат беріліп, Еліміздің Тұңғыш Президенті туралы бейнефильм көру, бейнероликтер қарау ұйымдастырылды. 1-4 сынып оқушылары «Елбасы – ол...» ауызша ойларымен бөлісті.
5-8 сынып оқушылары «Президент қандай болуы керек? Тұлғалық қасиеттері.» аясында пікір алмасты.
Пікір алмасу алаңы «Егер мен Президент болсам ...» рефлексиясымен қорытындыланды.
8-9 сынып оқушыларының арасында XXI ғасыр
көшбасшысы (зияткерлік сайысы) өткізіліп, оқушылардың Қазақстанның Тәуелсіздік жолындағы жетістіктері, Елбасы жолы бойынша білімдері пысықталды.
Топтар «Елбасының көшбасшылық қасиеттері» класстерін жасап, қорғады. 14 қарашадағы №01-13-4/4308-И-хатқа қосымшадағы сілтеме бойынша деректі фильм көрсетілді.
https://yadi.sk/d/Jd4DJwdq7eYl_w Өткен іс-шараның тәрбиелік маңызы зор болды деп ойлаймын.