Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет!
Ертеден тағылымы мол қазақ халқымыз "Баланы жастан" деп рухани құндылықтарымызды бала тәрбиелеудің игілігіне жұмсаған. Жас шыбықты жастайынан халық ауыз әдебиетімен суарып, ел үшін ерен еңбек сіңірген тұлғаларды үлгі етіп, ұлтжандылыққа тәрбиелеген.Сонымен қоса отбасындағы қағида - әке-ана құрметі, үлкенді құрметтеу, кішіні ізеттеу. Бала тәрбиесі бесіктен деп ұғынған отбасы әр баланың тәрбиесін, түздегі қылығын қадағалап отырған. Өйткені, тәрбиелі адам - тағалы атпен тең деген. Ата- анаға деген сыйластықтың негізінде бала көкейінде " Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды" деген халық даналығы қалыптасқан. 8-9 сынып оқушылары ауылымызда тұратын Лепендина Галина Сергеевнаға көмек қолын созып, ауласын қардан тазартты. Қарт әжей оқушыларға алғысын білдіріп, оқушыларға тәрбиелік маңызы зор өмір жолынан әңгімелер айтты. Оқушылар қызығушылықпен тыңдап, әжейге сауалдарын да қойып жатты. Әжей оқушылардың қызығушылығын байқап, тағы келіп тұруларына болатынын айтты.