"Өзін-өзі тану" - махаббат және шығармашылық педагогикасы декадасы
"Бөбектің" анасы
Сара Алпысқызы тек қана үлгілі жар, аяулы ана емес, еліне еңбегі сіңген қоғам қайраткері. Ол 1992 жылы "Бөбек" қайырымдылық қорының негізін қалаған болатын. Ұйым қызметінің басты бағыттары: ана мен баланы қорғау, нәрестелер мен балалар үйлерін қамқорлыққа алу, мектептерді қазіргі заманғы жабдықтармен қамтамасыз ету, тұрмыс дәрежесі төмен отбасынан шыққан дарынды балаларға қолдау көрсету, балалар денсаулығын сақтау ісіне жәрдемдесу. Ол жетім балаларды тәрбиелеудің жаңа жүйесін қалыптастырып, елімізде тұңғыш "SOS Киндердорф" балалар ауылының өмірге келуіне мұрындық болды. Сондай-ақ, Қазақстанда алғашқы болып жетім балаларды қорғайтын заң (Отбасылық үлгідегі балалар ауылдары және жасөспірімдер үйлері туралы) шығару бастамасын көтерді.
Сара Назарбаева "Өмір әдебі" туралы кітабында: "Мен бала күнімде шамадан тыс қарапайым жасқаншақ болдым. Өзім білетін құрбыларымның барлығы да менен ақылдырақ, маңыздырақ сияқты көрінетін. Актриса болуды армандап, өзімнің балалық ақылыммен: «Қайдағы, бұл таңдаулылардың ғана ісі ғой» деп пайымдадым. Бақытыма қарай жас келген сайын «Балақайдың» арқасында бойымдағы бұйығылықтан біртіндеп арыла бастадым. Рас, актриса бола қойған жоқпын. Бірақ өмірімді бұрмаламай көрсететін бір қарапайым ақиқатты түсіндім. Ал нақтырақ алатын болсақ, адамдарды бір-бірінен ажыратуға болатын басты айырмашылық жан дүниесі мен рухтың үйлесімі арқылы өмір сүру қабілетін айқындайтын олардың санасының даму деңгейі екен", - деп жазады.
Бес жасында анасынан айырылған Сара Алпысқызы сәбидің махаббатсыз, мейірімсіз, жақын адамының қамқорынсыз жетілуінің қаншалықты қиын екенін біліп өседі. Бала кезінде әлемдегі барлық балалар бақытты, отбасы шапағатын сезініп, анасы, әкесі, бауырлары жанында еркелеп жүрсе екен деп армандайды. Осы ойдың жетегінде өмірге "Бөбек" келді. Ол қазақстандық балапандармен бірге "Әрқашан күн сөнбесін, Аспаннан бұлт төнбесін, Қасымда болсын мамам, Болайын мен де аман!" деп ән шырқады.